Ашық  есік  күні ЖСҚКПК  2025

Ашық  есік  күні ЖСҚКПК  2025

2025 жылғы 12 қараша күні Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға Петропавл қаласының 15 мектебінен келген 9 және 11-сыныптың 230-дан астам түлектері қатысты.

Күн бағдарламасына оқу бағыттарымен танысу, оқытушылар мен студенттердің шеберлік сабақтары, сондай-ақ колледждің заманауи аудиториялары мен зертханалары бойынша экскурсиялар енгізілді. Оқушылар педагогтармен жеке  әңгімелесуге, болашақ мамандықтар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара барысында бүгінгі күні еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылар кәсіби білім берудің қазіргі қоғамдағы маңыздылығын және оның өңір экономикасының дамуына қосатын үлесін атап өтті.

Ашық есік күні жастардың кәсіби бағдарлануына бағытталған маңызды қадам болды. Ол оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік берді. Колледж өз мүмкіндіктерін көрсетіп, кәсіби біліммен қатар табысты мансапқа қажет дағдыларды меңгерген білікті мамандар даярлауға дайын екенін дәлелдеді.Аталған  іс-шара жергілікті БАҚ «QYZYLJAR» және МТРК телеарналарында жарияланды.