
2025 жылдың 8-9 қарашасында SKO Hub орталығында AgroTech және SmartCity екі кейсі бойынша шешімдерді әзірлеуге арналған хакатон өтті.
Іс-шараға мектептер мен колледждердің 20-дан астам командалары қатысты.
Хакатонда Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған идеялар, сондай-ақ Петропавл қаласындағы қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға арналған бастамалар ұсынылды. Көптеген жобалардың ерекшелігі жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен қолдану болды. Мысалы, жасанды интеллектіні пайдалана отырып, жем құрамын оңтайландыру және топырақ сапасын анықтау.
SmartCity жобалары да жол жабындысының сапасына қоғамдық бақылауды ұйымдастыруды, аулалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және автотұрақ мәселесін шешуді көздеді.
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша білім алатын студенттер SmartCity кейсі бойынша 2-орынды иеленді.
Хакатон қорытындылары бойынша ақшалай жүлделер табысталды.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз.
Оларға шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен жетістіктер тілейміз.