
Жұмысшы кәсіптер жылы аясында, 2025 жылдың 7 қарашасында, Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде аспаздық шеберлік конкурсы өтті. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастардың аспаздық кәсіпке қызығушылығын дамыту.
Бұл іс-шараға келесі құрметті қонақтар қатысты:
Білім басқармасы басшысының орынбасары Үкенова Динара Маулетханқызы,
ТИПО бөлімінің басшысы Зейнуллин Бауыржан Жанатович,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Сапанов Берік Айсинович,
РОО басшысы Қарабаева Эльмира Мирзахметовна,
«Карьерлік орталық» директоры Темірғалиев Нұрлан Ибрагимович,
Жастар ресурстық орталығының директоры Амантаев Қанат Қайратович,
және аудандық БАҚ өкілдері.
Конкурсқа 3 колледжден өтінім түсті:
Конкурс екі модульден тұрды:
«Бауыр паштеті» – суық тағамдарды дайындау шеберлігі, технологияны сақтау және эстетикалық безендіру бағаланды.
«Сүтті тұздықпен және гарнирмен толтырылған тауық рулеті» – қатысушылардың күрделі ыстық тағамдарды дайындау және оларды шығармашылықпен ұсыну қабілеттері тексерілді.
Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары кәсіби деңгейін және креативтілігін атап өтті.
Конкурс жеңімпаздары:
1 орын Қолдыбаев Артём – Саумакөл ауылдық агротехникалық колледжі
1 орын Рихтер Диана – Новоишим аграрлық-техникалық колледжі
2 орын Аренова Назым – Тимирязев агротехникалық колледжі
3 орын Кох Лолита – Петров аграрлық-техникалық колледжі
Конкурс шабыт, шығармашылық және өз кәсібіне деген сүйіспеншілік атмосферасында өтті