
Солтүстік Қазақстан облысында инклюзивті білім беру саясатын іске асыру аясында 28 қазан күні Петропавл қаласының № 23 орта мектебінің базасында «Кәсіби өсу жолы: педагог-ассистенттің тиімді құралдары мен стратегиялары» атты тақырыпта облыстық шеберлік сағаты өтті.
Іс-шара педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдаудың тиімді әдістерін таратуға бағытталған.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар педагог-ассистенттің кәсіби дамуының заманауи тәсілдерін, инклюзивті ортадағы ынтымақтастық әдістерін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың тиімді формаларын талқылады.
Практикалық бөлімде интерактивті жаттығулар көрсетіліп, өңір мектептерінің жұмыс тәжірибесінен табысты жағдаяттармен бөлісу орын алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша педагогтер үздіксіз кәсіби өсудің, қарым-қатынас және эмпатия дағдыларын дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ ата-аналармен және қолдау қызметінің мамандарымен өзара әрекеттесудің мәнін атап өтті.