
2025 жылдың 19 қазанында «Солтүстік Қазақстанның Арнайы Олимпиадасы» қоғамдық бірлестігі «Солтүстік Қазақстан Комсомол ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің, дене шынықтыру және спорт, білім басқармаларының қолдауымен № 2 арнайы мектеп-интернаттың спорт залында баскетболдан турнир өткізді.
Жарысқа «№ 1 арнайы мектеп-интернат» КММ, « № 2 арнайы мектеп-интернат» КММ, «Соколов арнайы мектеп-интернат» КММ-нің 4 командасының спортшылары, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» жеке мекемесінің спортшылары қатысты.
Әр команда жарысқа 7 спортшыдан (жігіттер мен қыздар) шығарды, жалпы саны 28 адам. Команда құрамында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар болды, спортшылар 15-18 жас және одан жоғары жас санатында жарысты.
Төрешілер алқасының отырысында бас төреші болып - Кстаубаев Оранбай Сәленұлы, жарыс алаңының төрешісі болып - Әбілмәжінов Әсет Сайлауұлы, жарыс алаңының қапталдағы төрешісі болып - Елеукин Денис Дәулетұлы тағайындалды.
Турнир басталар алдында спортшыларды педагогикалық еңбек ардагері - Какпенов Ризабек Жәзитұлы құттықтау сөздерімен құттықтады.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Соколов арнайы мектеп-интернатының командасы, екінші орынды «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» ЖМ командасы, үшінші орынды № 2 арнайы мектеп-интернатының командасы, төртінші орынды №1 арнайы мектеп-интернатының командасы иеленді.
Жарыстың барлық қатысушылары медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Облыстық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спортшылар жеңістерге, сондай-ақ қол жеткізген марапаттарға риза болды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар спортшылардың 2025 жылы Облыстық және Республикалық жарыстарға қатысуы жалғасуда. Арнайы мектептерде 2025-2026 жылдарға арналған жаттығу кестесі қалыптастырылды.