2025 жылғы 16 қазан күні Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп «Тілдер шыңында» атты облыстық квест-ойынды ұйымдастырып өткізді

2025 жылғы 16 қазан күні Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп «Тілдер шыңында» атты облыстық квест-ойынды ұйымдастырып өткізді

2025 жылғы 16 қазан күні Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп «Тілдер шыңында» атты облыстық квест-ойынды ұйымдастырып өткізді.

Квест-ойынның мақсаты - білім алушыларда оларды қызықты интерактивті істерге тарту, коммуникативтік дағдыларды дамыту, тіл туралы бар білімді кеңейту арқылы тілдерді үйренуге тұрақты тану қызығушылығын қалыптастыру және қолдау үшін жағдай жасау.

Квест-ойында әртүрлі колледжден келген 6 команда жарысты. Қатысушылар қызықты 5 турдан өтті: сәлемдесу, мақал-мәтелдер, әдебиет әлемінде, капитан, шабыт.

Қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады, оның құрамында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Зейнуллин Б.Ж., «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ТжКБ бөлімінің «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері Шарипова С.Д., «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тілдерді оқыту орталығы» басшысының орынбасары Жанатов О.С., «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ Тіл және әдебиет институтының «Герман-роман филологиясы» кафедрасының доценті Олькова И.А., «Қазақстанның орыс қауымы» ҚБ (Жерлестік) Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Родная Т.Ю. болды.

Ойынның нәтижелері бойынша I-дәрежедегі дипломмен Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің  командасы, II-дәрежелі дипломмен Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің командасы, III-дәрежелі дипломмен Булаев қаласының Кәсіптік даярлау және сервис колледжінің командасы марапатталды. Қалған қатысушыларға қатысқандығы үшін сертификат берілді.