Жұмысшы кәсіптер жылы

Жұмысшы кәсіптер жылы

Кәсіби шеберлікті арттыру, медициналық жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және озық тәжірибе алмасу мақсатында, сондай-ақ 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылып жатқан Жоспардың 2.5-тармағы – «Медицина колледжінің студенттері арасында WorldSkills кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастыру және өткізу» шеңберінде, 2025 жылғы 8–9 қазан күндері «Талдықорған жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК базасында халықаралық қатысумен «MedSkills» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Қазақстанның 20-дан астам медицина колледжі қатысты. «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «СҚО денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК атынан «Мейіргер ісі» мамандығының 4 курс студенті Шамсутдинов Даниил Дамирович қатысты. Сарапшы – Қарабай Дария Болатқызы.

Медицина – бұл жүрек қалауымен таңдалған жол. MedSkills – бұл өзің таңдаған бағыттың дұрыстығын дәлелдеуге, сондай-ақ осы күрделі де, абыройлы саланы таңдағандармен бірлікті сезінуге мүмкіндік беретін алаң. Өйткені кейде кішкентай ғана әрекеттің өзі үлкен үміт сыйлайды.