2025 жылдың 13 қазанында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Sanaly urpaq» студенттік клубының қатысуымен Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде конференция өтті.
Іс-шара студенттер арасында құқықтық мәдениетті тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, өз іс-әрекетіне саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
Конференцияға ювеналды полиция өкілдері де қатысты: полиция лейтенанты Әйгерім Шоқан мен полиция капитаны Динара Мұқанова, АИТВ-ның алдын алу орталығының маманы Оксана Симукиха, заңгер Светлана Зайцева, жастар ресурстық орталығының басшысы Дамир Абдин.
Баяндамашылар кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы, құқық бұзушылықтың алдын алу, денсаулық пен белсенді өмір салтын сақтаудың маңыздылығы