Жұмыс сапары барысында Ғауез Торсанұлы колледжде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Туризм», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Аңшылық және аң шаруашылығы» мамандықтарымен танысты. Сондай-ақ, жаңа ангар және “ЖАС МАМАН" жобасы бойынша сатып алынған техника көрсетілді. Колледжде Жұмысшы мамандықтар жылына орай музей ашылған болатын. Мұражай экспозициялары колледждің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін: алғашқы шығарылымдардан қазіргі жетістіктерге дейінгі уақытты қамтиды. Витриналарда мұрағаттық құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер, өткен жылдардағы дипломдардың үлгілері, оқу жабдықтарының элементтері және бірнеше жылдар бұрын студенттер қолданған формалар бар. Қонақтар оқу-өндірістік процессімен, ағымдағы жағдайда нарық үшін қажетті кадрларды даярлау жөніндегі ережемен танысты. Жұмыс сапарының соңында Жұмысшы мамандықтар жылының шеңберінде «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» «Tin One mining» АҚ тау-кен компаниясымен меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою «Электромонтер», «Металлургия», «Металл өңдеу өндірісінің техник–технологы» сияқты жаңа мамандықтарды ашуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі қазіргі уақытта колледжде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша сапалы кәсіптік білім беру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.