Жұмыс сапары аясында 2025 жылғы 10 шілдеде «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-ға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының делегациясы: Серік Рахметоллаұлы Егізбаев - Аграрлық комитеттің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы, Қайрат Қапарұлы Айтуғанов – партия төрағасының орынбасары, Ғалымжан Мұратұлы Құсманғали - партия төрағасының орынбасары, орталық аппараттың басшысы, Ғани Нұрғабитұлы Әділбек - ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры келді.
Сапар барысында парламентшілер колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты, оқу кабинеттерін, агрономия зертханасын, оқу фермасын, сондай-ақ колледж мұражайын аралады. Құрамында ветеринариялық медицина кабинеті, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтау зертханасы, JOHN DEERE тракторларын жүргізу тренажер залы, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу зертханасы, модульдік сою пункті жұмыс істейтін «Жас маман» жобасы шеңберінде құрылған Құзыреттер орталығына ерекше назар аударылды. Депутаттар жарақтандыру деңгейін және білікті кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тәсілін жоғары бағалады.
Болашақ орта буын мамандарын ветеринария, агрономия, ауыл шаруашылығын механикаландыру, сүт және сүт өнімдерін өндіру, ет өнімдерін өндіру, орман шаруашылығы сияқты өзекті және әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша оқытудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесуге қатысушылар бұл мамандықтар аграрлық бейіндегі мамандарға аса қажеттілік байқалатын Қазақстан Республикасының еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие болып табылатынын атап өтті.
Сапар соңында депутаттар колледж әкімшілігіне аграрлық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдіріп, бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін атап өтті.