2025 жылғы 5 шілдеде Петропавл қаласының орталық алаңында Баку (Әзербайжан) қаласында өткен «Жас құтқарушы» XI Халықаралық жарысынан оралған КГКП «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің» студенттерін марапаттау рәсімі өтті.
«Қырандар» атты колледж командасы Қазақстан Республикасының намысын абыроймен қорғап, бес елдің (Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Беларусь және Өзбекстан) мықты командалары арасында екінші орынды иеленді. Жеңімпаз – жарыс қожайындарынан олар небәрі бір ұпайға қалып қойды.
Сәтті өнер көрсеткені және жоғары деңгейдегі дайындықтары үшін команда құрамындағы жеті қатысушыға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хаттары мен әрқайсысына 130 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды. Салтанатты марапаттау рәсімін ҚР ТЖМ министрі Арынов Чингис Сайранұлы өткізді.
Жарыстың жекелеген кезеңдерінде «Қырандар» командасы үздік нәтижелер көрсетіп, бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленді. Сондай-ақ, қатысушылар халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін грамоталармен және кубокпен марапатталды.
Команданы арнайы пәндер оқытушылары – Шақабаев С.А. және Асқарбеков Б.Э. дайындады. Олар студенттердің теориялық және практикалық білімін жоғары деңгейде қамтамасыз етті.
Бұл жетістік – ұйымшыл командалық жұмыстың, жоғары деңгейдегі дайындықтың және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. Жас құтқарушыларымызды құттықтаймыз, болашақта да толағай табыстар мен жеңістер тілейміз!