«Жас құтқарушы» халықаралық жарысы

«Жас құтқарушы» халықаралық жарысы

2025 жылғы 20-29 маусым аралығында Әзербайжан Республикасының Габала қаласында «Жас құтқарушы» халықаралық жарысы өтті. Жарысқа бес елдің өкілдері қатысты: Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және жарыс иелері – Әзербайжан Республикасы. Жарыс үш кезеңнен тұрды: өрт сөндіру эстафетасы, кедергілер жолағы және іздестіру-құтқару жұмыстары. Қазақстанның намысын Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері қорғады. Қазақстан құрамасы мықты бәсекелестікке қарамастан өздерін лайықты көрсетіп, жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген ұмтылысын танытып, күміс жүлдені жеңіп алды. ЖСҚКПК студенттері мен олардың тәлімгерлері Аскарбеков Б.Э., Шакабаев С.А. сенімді жеңістерімен құттықтаймыз. Біз сіздермен мақтанамыз!