Қазақстанның Литвадағы Елшісі Т. Уразаевтың Вильнюс автокөлік және бизнес мектебінің (ВАБМ) директоры Е. Пелакаускене және Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры Е. Жақыпов бастаған делегациясымен кездесу барысында кәсіби-техникалық білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып жатқан Қазақстан мен Литва білім беру мекемелері арасындағы серіктестікті нығайту мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу барысында заманауи өндірістік жобалар үшін EUROSKILLS стандарттарын ескере отырып, техникалық мамандарды даярлау мәселесіне, сондай-ақ кәсіби тәжірибе мен кадрлар алмасудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Тараптар жүйелі өзара іс-қимылды құру перспективаларын, оның ішінде кәсіптік білім беру саласындағы басым бағыттар бойынша мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу мүмкіндігін қарастырды.
Қазақстанда жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында кәсіптік білім беру саласындағы басым бағыттар бойынша жүйелі өзара іс-қимыл және мемлекетаралық бағдарламаларды қалыптастыру мүмкіндігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.