Международный конкурс профессионального мастерства

Международный конкурс профессионального мастерства

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 20 мамырда «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары арасында халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты  «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Электрмен қамтамасыз ету» және «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін көрсету және олардың кәсіби дамуын ынталандыру.

Шекара маңындағы ынтымақтастық аясында байқауға Ресей Федерациясының Шумихин аграрлық-құрылыс колледжінің және Қазақстан Республикасының 15 колледжінің педагогтері қатысты.

Сарапшылар: «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС, «ВиВаГа-Лада» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан тарату электр желілік компаниясы» АҚ, «СеверЭлектро» ЖШС, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ және педагогикалық еңбек ардагерлері болды.

Байқау үш кезеңнен тұрды: таныстыру, тестілеу және практикалық тапсырмаларды орындау.

Байқау қорытындысы бойынша үздік атанды:

  1. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша

1 орын - Сафронов Владимир Витальевич, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;

2 орын - Топчий Семен Александрович, Шумихен аграрлық-құрылыс колледжі;

3 орын - Степаненко Евгений Борисович, Гуманитарлы-техникалық колледжі.

 

  1. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

1 орын - Бегенов Санат Зейнулұлы, Жоғары агротехникалық колледж;

2 орын - Наржакупов Дмитрий Әнуарұлы, Тимирязев агротехникалық колледжі;

3 орын - Предыбайло Алексей Петрович, Петровский аграрлық-техникалық колледжі. 

 

  1. «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)»

1 орын- Қабиболла Еламан Серікұлы, жоғары агротехникалық колледж;

2 орын- Долгушина Елена Игоревна, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;

3 орын – Медведенко Роман Владимирович, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі.

 

  1. «Өрт қауіпсіздігі»

1 орын - Аскарбеков Булатжан Эдуардұлы, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;

2 орын -Исаков Біржан Жеткірбайұлы, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі; 

3 орын - Теряев Кирилл Дмитриевич, Шумихен аграрлық-құрылыс колледжі;