Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
06 мая 2026
Солтүстік Қазақстан облысының әскери-патриоттық клубтары арасындағы «Жас Айбын 2026» әскери-патриоттық жиыны

2026 жылғы 5 мамырда, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының базасында «Жас Айбын 2026» әскери-патриоттық жиыны өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы және Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжі.

Бұл ауқымды іс-шара «Жас Сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысын жүзеге асыру аясында өткізіліп, жастардың әскери-қолданбалы дағдыларын дамытуға, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға маңызды алаңға айналды.

Жиынға  облыстан 12 колледж, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан  академиясының 6637 әскери бөлімінің, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Департаментінің және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасының командалары қатысты.

Жиын бағдарламасына әскери-спорттық жарыстар,тактикалық жаттығулар және көшбасшылық қасиеттер мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған командалық сынақтар кірді. Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықты, тәртіпті және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Колледждер арасындағы жарыс қорытындысы:

1 орын – «Тайынша агробизнес колледжі» КММ;

2 орын – «Жоғары Солтүстік Қазақстан  кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК;

3 орын «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК.

Әскери  құрылымдарға қарасты әскери-патриоттық сыныптар арасындағы жарыс қорытындылары:

1 орын – «Жас шекарашы» сыныбы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті;

2 орын – «Жас Бүркіт» сыныбы, ҚР Ұлттық ұланы академиясы («БЭСТ» гимназиясы КММ);

3 орын – «Жас Бүркіт» сыныбы, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімі («Дарын» мектеп-лицейі» КММ).

«Жас Айбын 2026» жиыны ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, әскери қызметті насихаттауға және жастардың бойында патриотизм, жауапкершілік және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы мен дәстүрлеріне құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Инклюзивті, арнаулы білім беру
04 мая 2026
PRO инклюзия: тәжірибе және бастамалар

Ағымдағы жылғы 29 сәуірде Мағжан Жұмабаев ауданында (Булаев қаласы) Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында «PRO инклюзия: тәжірибе мен бастамалар» тақырыбы бойынша халықаралық семинар өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар практикалық кейстерді қарастырып, инклюзивті тәжірибелерді енгізу тетіктерін талқылап,  кәсіби тәжірибемен алмасты.

Халықаралық қатысумен өткен пленарлық сессия (телекөпір) аясында шетелдік сарапшылар (Сатиш Капур (Үндістан Республикасы), Global Inclusive Education Network (GIEN) президенті; Sandeep Kaur (Ұлыбритания), Miss Lily Rice — The Thinking Schools Federation өкілдері), сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөліскен Солтүстік Қазақстан облысының педагогтері сөз сөйледі.

Семинар қорытындысы бойынша инклюзивті білім беруді дамыту, озық тәжірибені тарату және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екені атап өтілді.

 

04 мая 2026
2026-2027 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 4 мамырдағы №1 шешімі нарықтағы кадрларға қажеттілік көлемі 4257 адам көлемінде бекітілді.

2026-2027 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

 

 

р/н

 

Салалар атауы

 

 

Қажеттілік көлемі,

 (орындар саны)

 

 

Код мамандығы         

Оның ішінде

біліктілігі бойынша

жұмысшы

орта буын мамандары

1.

Білім беру

435

01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

4S01120102Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

5AB01120101 Мектепке дейінгіт әрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры

 

 

57

25

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

4S 01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі

5АВ01140101 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры

 

 

33

25

01140300 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

5АВ01140301Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры

 

 

32

01140300 Көркем еңбек

4S01140301 Көркем еңбек мұгалімі

 

30

01140600 Негізгі орта білім беру тілі мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

4S01140605 Шет тілі мұғалімі (қазақ,орыс тілі)

 

 

 

44

01140500 Дене шынықтыру және спорт

4S01140501 Дене шынықтыру мұғалімі

4S01140503 Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы

 

 

70

30

01130300 Жеке сүйемелдеуді ұйымдастыру (деңгейлері бойынша)

4S01130301 Педагог- ассистент

 

 

53

01140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)

4S01140802 Өндірістік оқыту шебері, техник-технолог (барлық атаулар)

 

 

36

2.

Өнер және әлеуметтік ғылымдар

153

02120100 Интерьер дизайны

4S02120103 Интерьер дизайнеры

 

 

25

02130100 Кескіндеме, мүсінжәне графика (түрлері бойынша)

4S02130101 Суретші

 

8

02150100 Аспаптық орындау (аспаптардың түрлері бойынша)

4Ѕ02150101Концертмейстер, балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150102 Оркестр әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150103 Халық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы

 

 

 

8

 

16

 

18

02150200 Музыка теориясы

4S02150201 Музыка танушы, балалар музыка мектебінің оқытушысы

 

 

6

02150300 Вокалды қөнер

4S02150301 Академиялық ән әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150302 Дәстүрлі әнші, балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150303 Эстрадалық ән әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы

 

 

 

10

 

13

 

17

02150400 Хор дирижері

4S02150401 Хормейстер, оқытушы

 

 

7

021500 Актерлікөнер

4S02150501 Драма театрыныңәртісі

 

 

12

02150700 Хореографиялықөнер

4S02150702 Би ансамблініңәртісі

 

 

13

3

Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат

35

03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету

және мұрағаттану

3W03220201 Офис- менеджер

4S003220202 Іс қағаз жүргізушісі

 

 

 

35

4

Бизнес, басқару және құқық

421

04110100 Есепжәне аудит

3W04110101 Бухгалтер-кассир

4S04110102 Бухгалтер

5AB04110101 Қолданбалы бухгалтерлік есеп және аудит бакалавры

 

158

 

 

81

25

 

04110100 Менеджмент (салалар және қолдану салалары бойынша)

4S04130101 Менеджер

 

 

 

 

25

04140100 Маркетинг (салалар бойынша)

3W04140101 Сатушы

4S04140103 Маркетолог

 

27

 

 

28

04210100 Құқықтану

4S04210101 Заңгер

 

 

77

5

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

347

06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы

 

25

 

 

06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

4S06120202 Ақпараттық қауіпсіздік технигі

 

56

06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

3W06130102 Веб-дизайнер

4S06130103 Бағдарламалық жасақтама жасаушы

4S06130104Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және тестілеу жөніндегі техник

4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі

 

50

 

 

141

50

 

25

6

Электротехника және энергетика

255

07130100 Электр жабдықтары (түрлері мен салалары бойынша)

3W07130101 Электромонтер

 

42

 

07130200 Электр мен жабдықтау (салалар бойынша)

4S07130202 Техник-электрик

 

 

57

07130400 Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)

4S07130403 Техник-жылу технигі

 

 

 

23

07140400 Робототехника және ендірілген жүйелер  (салалар бойынша)

3W07140402 Роботехникалық жүйелер мен кешендерді монтаждаушы-баптаушы

 

30

 

 

07130700 Электро механикалық жанбдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану ( түрлері және салалары бойынша)

3W 07130701 Электр жабдықтарын монтаждаушы

3W 07130702 Электро механикалық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрслесарі

4S07130704 Техник-электромеханик

 

 

 

53

 

 

 

 

 

25

07140900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

3W07140901  Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электро монтаждаушы-реттеуші

 

 

25

7

Механика және металл өңдеу

338

07150100 Машина жасау технологиясы (түрлерібойынша)

3W07150102 Кең профильді станокшы

3W07150103 CБҚстаноктарының операторы

4S07150106 Техник-механик

 

 

45

 

 

 

 

36

07150500 Дәнекерлеу ісі

3W07150501 Электргазбен дәнекерлеуші

 

198

 

07150600 Cлесарь ісі (салалар мен түрлербойынша)

3W07150601 Слесарь-жөндеуші

 

59

 

8

Көлік

400

07160500Темір жолдардың тартқыш жылжымалық ұрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

3W07160501 Локомотив машинисінің көмекшісі (түрлері бойынша)

4S07160503 Техник-электромеханик

 

 

 

 

 

 

57

07160600 Темір жолдардың вагондары мен рефрижераторлық жылжымалы құрамынп айдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

4S07160603 Техник-электромеханик

 

 

 

 

            25

07161300 Техникалық қызмет көрсету, жөндеу және

автомобиль көлігін пайдалану

3W07161302 Автокөлікті жөндеу жөніндегі слесарь

3W07161302 Автомобиль жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик

3W07161303 Автомобиль көлігін жөндеу шебері

4S07161304 Техник-механик

5AB07160301 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану бойынша қолданбалы бакалавр

 

 

96

 

86

68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

43

 

25

9

Өндірістік және өңдеу салалары

205

07210100 Ет және етөнімдерінөндіру

3W07210101 Ет өндеуші

3W07210102 Ет өнімдерін өндіру желісінің операторы

4S07210103 Техник-технолог

 

 

25

07210300 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндіріс

3W07210303 Наубайшы

 

 

45

 

07220100 Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру

3W07220104 Металл – палстик өнімдерін жасау және монтаждау шебері

 

25

 

 

07230100 Тігін өндірісі және киімді модельдеу

3W07230101 Тігінші

3W07230105 Сәнгер-кескіш

 

65

25

 

07231000 Аяқкиім ісі

3W07231001 Аяқ киімді жекетігу және жөндеу шебері

 

20

 

10

Сәулет және құрылыс

351

07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

3W07320102 Ағаш ұстасы-ағаш ұстасы және паркет жұмыстарыны ңшебері

3W07320104 Кең профильді шебер құрылысшы

3W07320105 Әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері

4S07320106 Техник-құрылысшы

5AB07320101 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану бойынша қолданбалы бакалавр

 

 

 

20

82

74

 

 

 

 

 

 

 

27

 

25

07320700 Автомобиль жолдары мен әуе айлақтарды салу және пайдалану

3W07320702 Жол-құрылыс машиналарының машинисі

 

 

28

 

07310500 Көгалдандыру

3W07310501 Көгалдандыру шебері

 

45

 

07321100 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін ің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

3W07321101 Сантехник-слесарь

 

 

25

 

07321200 Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану

3W07321201 Газ құбырларын  пайдалану және жөндеу слесарі

 

 

25

 

 

 

11

Ауылшаруашылығыжәне ветеринария

440

07161600 Ауылшаруашылығын механикаландыру

3W07161601 Слесарь-жөндеуші

3W07161603 Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі

4S07161604 Техник-механик

 

27

190

 

 

 

 

 

57

08110100 Агрономия

4S08110103 Агроном

5AB081100101 Қолданбалы агрономия бакалавры

 

 

25

20

08410100 Ветеринария

4S08410104 Ветеринарлық техник

 

 

26

08110500 Зоотехния

3W08110501 Құс өсіруші

 

30

 

08110600 Арашаруашылығы және жібек шаруашылығы

3W08110601 Омарташы

 

40

 

08210200 Аңшылық және аңшаруашылығы

3W08210201 Аңшы

 

25

 

12

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру

176

09120100 Емдеу ісі

4S09120101 Фельдшер

 

 

25

09130100 Мейірбике ісі

4S09130103 Жалпы тәжірибелік мейірбике

 

 

100

09140100 Зертханалық диагностика

4S09140101 Медициналық зертханашы

 

 

25

09230100 Әлеуметтік жұмыс

4S09230102 Әлеуметтік қызметкер

 

 

26

13

Қызмет көрсету

саласы

473

10120100 Шаштараз өнері

3W10120101 Шаштараз-стилист

 

74

 

10130300 Тамақтануды ұйымдастыру

3W10130301 Кондитер-ресімдеуші

3W10130302 Аспаз

4S10130303 Технолог

 

27

204

 

 

 

25

10130200 Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

4S10130204 Іс-шараға қызмет көрсету менеджері

 

 

60

10150100 Туризм

3W10150102 Экскурсовод

3W10150103 Туристік агент

4S10150105 Гид

 

30

30

 

 

 

23

14

Өндірістегі еңбек тіқорғау және қауіпсіздік

228

10320100 Өрт қауіпсіздігі

4S10320103 Өрт қауіпсіздігі технигі

 

 

25

10320200 Төтенше жағдайларда қорғау (бейіні бойынша)

4S1030205 Техник

 

 

125

10410400 Жолқ озғалысын ұйымдастыру

3W10410401 Жол инспекторы

 

50

 

10410200 Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

4S10410205 Тасымалда удыұйымдастырушы - техник

 

 

 

28

 

барлығы

4257

 

2143

2114

28 апреля 2026
«Жас шаштараз - стилист» Junior Skills байқауы

2026 жылғы 28 сәуірде «И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ «Жас шаштараз - стилист» Junior Skills байқауы өтті, бұл Junior Skills қозғалысы аясындағы мектеп оқушыларын кәсіби қызметке ерте бағдарлауға және даярлауға бағытталған маңызды оқиға болды.

Байқау мақсаты мектеп бітірушілерді кәсіптік бағдарға жәрдемдесу және жастарды «Шаштараз-стилист» мамандығы бойынша оқуға шақыру болып табылады.

Биыл байқауға Петропавл қаласының білім беру мекемелерінен 19 оқушы қатысты, соның ішінде:

-        «№26 мектеп-балабақша» КММ;

-        «Сәбит Мұқанов атындағы №32 орта мектеп» КММ;

-        «№31 орталау мектеп» КММ;

-        «№42 орта мектеп» КММ;

-        «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ

-        «№23 орта мектеп» КММ;

-        «№12 орта мектеп» КММ;

-        «БЭСТ» гимназиясы.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді: «Фантазиялық шаш үлгісі» және «Кешкі макияж». Қатысушылардың жұмыстарын әділқазы алқалары: колледждің әлеуметтік серіктестері, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары бағалады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

«Фантазиялық шаш үлгісі» номинациясында:

1 орын - Алпеева Виктория, «№26 мектеп-балабақша» КММ 8 сынып оқушысы;

2 орын – Вяткина Полина, «№23 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы;

3 орын – Бордуненко Нинель, «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы.

«Кешкі макияж» номинациясында:

1 орын – Слюско Анеля, «БЭСТ» гимназиясының 9 сынып оқушысы;

2 орын – Батрашова Каролина, «№23 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы;

3 орын – Шерер Снежана, «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ 8 сынып оқушысы.

Қалған байқау қатысушылары сертифкаттармен марапатталды.  Барлық қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Аталған байқау дәстүрге айналып, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ шаштараз-стилист мамандығына назар аударуға ықпал етеді.

20 апреля 2026
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» тұжырымдамасын іске асыру аясында студенттердің қатысуымен «ЗАҢ. ТАҢДАУ. ӨМІР» атты форум

17 сәуір күні КММ «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Әдістемелік орталығы» мен ШЖҚ КМК «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» базасында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» тұжырымдамасын іске асыру аясында студенттердің қатысуымен «ЗАҢ. ТАҢДАУ. ӨМІР» атты форум өткізілді. Форумның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын және азаматтық белсенділігін арттыру.

Жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға және әлеуметтік теріс құбылыстардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру аясында колледж студенттерін біріктіретін, нашақорлықтың алдын алу және заңға бағынатын тұрақты мінез-құлықты қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған студенттік форум ұйымдастырылды.

Форум барысында студенттік ортадағы нашақорлықтың алдын алуға қатысты негізгі мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, есірткі заттарының заңсыз айналымының құқықтық салдары, психоактивті заттардың денсаулыққа және тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне әсері талқыланды. Сондай-ақ, жастарды заңсыз әрекеттерге тартуға қарсы іс-қимыл және жеке қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форумда құқық қорғау органдарының өкілдері, денсаулық сақтау саласының мамандары, психологтар және тәуелділіктің алдын алу бағытындағы сарапшылар баяндама жасады.

Форумның қорытындысы ретінде колледж студенттері мен оқытушыларының қатысуымен «Исповедь» атты театрландырылған қойылым ұсынылды. Қойылым тәуелділіктің салдарын әсерлі түрде көрсетіп, көрермендерді өмірдің құндылығы мен жеке жауапкершілік туралы терең ойлануға жетеледі.

Форум ашық диалог, тәжірибе алмасу және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін тиімді алаңға айналды.

10 апреля 2026
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық жобалар фестивалі

2026 жылғы 9 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі «Экологияның заманауи мәселелері. Жер планетасындағы жаһандық климаттық өзгерістердің ғылыми аспектілері» атты экологиялық зерттеу жобаларының халықаралық фестивалін өткізді.

Іс-шараға Қазақстан мен Ресейден 40-тан астам студент қатысты. Олардың жұмыстарын экологиялық және ғылыми ұйымдардың өкілдерінен құралған сарапшылар алқасы бағалады.

Фестиваль қоршаған ортаны қорғау саласында тәжірибе алмасу және инновациялық идеяларды іздеуге арналған алаң болды. Қатысушылар экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған зерттеу жобаларын ұсынды.

Конференцияның бағыттары бойынша қорытындылары.
 Бағыты – Жаһандық климаттың өзгеруінің биологиялық аспектілері:

1 орын – Шерипова Светлана, жетекшісі О.В.  Лютая; «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС;
2 орын – Глущенко Наталья, жетекшілері Н.П. Гламаздина., Бережная Ж.В., «Жоғары Солтүстік Қазақстан  кәсіптік-педагогикалық колледжі» ҚМҚК;
3 орын – Эпов Максим, жетекшісі А.С.Пикущая., «Жоғары Солтүстік Қазақстан  кәсіптік-педагогикалық колледжі» ҚМҚК;
           

Бағыты – Жаһандық климаттың өзгеруінің географиялық аспектілері:

1 орын – Ребро Алена, Исхакова Эльвира, жетекшісі А.И.Исмагулов., «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» ҚМҚК;
2 орын – Гайсин Ильдар, жетекшісі О.Н.Оберемко., «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ;

3 орын – Куппе Анна, жетекшісі Б.Э.Асқарбеков; «Жоғары Солтүстік Қазақстан  кәсіптік-педагогикалық колледжі» ҚМҚК;
     Бағыты – Жаһандық климаттың өзгеруінің  физикалық  аспектілері:

1 орын – Сұлтан Жұлдызай, Қуаныш Нұрбақыт, жетекшісі С.М.Анафина; «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» ҚМҚК;
 2 орын – Прикокий Глеб, жетекшісі С.М.Анафина; «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» ҚМҚК;
3 орын – К.О.Лаврова, жетекшісі Т.Е. Такенов., «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» ҚМҚК;

Бағыты – Жаһандық климаттың өзгеруінің химиялық аспектілері:

1 орын – Ковалева Наталья, жетекшісі Досанова Ж.Е.,  «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК;

2 орын – Абдрахманова Ильнара, жетекшісі Шепелева М.М.,  «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК;

3 орын – Лесников Артём, жетекшісі Е.В. Никитина., «Кеңес Одағының Батыры Н.Я. Анфиногенов атындағы Қорған технологиялық колледжі» МБКББМ;

Бағыты – Жаһандық климаттың өзгеруін талдау мен болжаудағы ЖИ -ің рөлі:

1 орын – Васин Дмитрий, жетекшісі Е.К., Досанов «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК;

2 орын – Яковлев Антон, Крапивницкий Никита, жетекшісі Н.Ю. Глухова; Кеңес Одағының Батыры Н.Я. Анфиногенов атындағы Қорған технологиялық колледжі» МБКББМ.

3 орын – Летяк Дарья, Постникова Алиса, жетекшісі М.А.Жексембаева; «Омбы мемлекеттік техникалық университеті» ФМАБМ ЖБ(колледж).

Баршаңызға  қатысқандарыңыз  үшін  көп  рахмет!

Инклюзивті, арнаулы білім беру
09 апреля 2026
ЕБҚ бар баланы сүйемелдеу: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және отбасыға қолдау көрсету

Аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру айлығы аясында 2026 жылғы 8 сәуірде «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК базасында «ЕБҚ бар баланы сүйемелдеу: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және отбасыға қолдау көрсету» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдары арасындағы ақпаратты беру және іс-әрекеттерді үйлестіру алгоритмдерін пысықтау болды.

Кездесу барысында мамандардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар, оның ішінде қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуде қиындығы (аутистік спектр бұзылысы) бар балаларға көрсетілетін көмектің негізгі бағыттары мен көлемін ашып көрсететін баяндамалары тыңдалды. Даму ерекшеліктерін ерте кезеңде анықтап, жүйелі түрде қолдау көрсетуді ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кеңеске баланы дамыту кабинеттерінің медицина қызметкерлері, АМСК мамандары, ПМПК педагогтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) қызметкерлері, Аутизм орталығының, сондай-ақ әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Кездесудің қорытындысы әртүрлі кезеңдер мен деңгейлерде ЕБҚ бар балаларды қоса алғанда, АСБ бар балаларға көмек көрсету жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыру болды. Арнайы түзету ұйымдарында, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жағдайында ЕБҚ бар балаларды қолдау кабинеттері арқылы жүзеге асырылатын тиімді тәсілдер мен қолдау нысандары талқыланды.

03 апреля 2026
«Үздік орта білім беру ұйымы» байқауы

 Орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарының кәсіптік және өзіндік өсуі мен ынталандыруын, басшылық тәжирибиелері мен педагогикалық тиімділігін тарату мен анықтау және білім беру жүйелерінің даму үрдісін анықтау мақсатында 2026 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауының облыстық туры өтеді (ары қарай - Байқау).

Грантты беруге конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылдың 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекітілген және білім басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob сайтында орналастырылған.

Байқаудың жүлдегері «Үздік орта білім беру ұйымы» Құрмет дипломымен және ең төменгі жалақының сегіз есе мөлшеріндегі Грант Сертификатымен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін аудандық, Петропавл қаласының білім бөлімдері құжаттарды 2026 жылдың 12 мамырына дейін Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 55А, № 4 кабинет блок С мекен жайы бойынша орналасқан білім басқармасына тапсырады.

Байқау Білім басқармасымен 2026 жылдың 28 мамыры сағат 10.00, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 55А, мекен жайы бойынша өтеді.

Анықтама бойынша телефон: 50-07-15, 46-36-41.

01 апреля 2026
Онлайн бюджеттік мониторинг жалақы төлемдерін бақылау құралы ретінде

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылғы 6 ақпанда дене шынықтыру және спорт ұйымдарының өкілдері арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы жалақы бойынша төлемдердің онлайн бюджеттік мониторингін қолдану тақырыбында семинар өткізді.

Төлемдердің онлайн бюджеттік мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері жеке тұлғалардың шоттарына еңбекақы төлеу сылтауымен (жалақы, сыйлықақылар, демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақылар және өзге де төлемдер) артық ақша аудару фактілерінің болуын көрсетеді.

Онлайн бюджеттік мониторингті қолдану жалақы түріндегі бюджет қаражатын негізсіз аударумен байланысты ықтимал бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

31 марта 2026
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептертер

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы  «Ашық бюджеттер» порталында 2025 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің орналастырылғаны жөнінде хабарлайды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты