Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыс

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыс

2025 жылғы 16 мамырда Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Петропавл қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Мансап орталықтарының және Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильділігі орталығының мамандарымен бейнеконференцбайланыс (ZOOM) арқылы жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңесте жекелеген санаттағы азаматтарды квоталанатын жұмыс орындарына  жұмысқа орналастыру, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарды орындау бойынша проблемалық мәселелер қаралды.

Отырыс барысында аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту органдарының өкілдері тыңдалды, олар осы міндеттерді шешу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілгені туралы айтты.