Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар туралы

Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар туралы

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 9 ведомстволық бағынысты әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мерекелік концерттер, сахналық қойылымдар, викториналар, әңгімелер, көрмелер, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Мәселен, Петропавл, Тайынша, Преснов және Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты патриоттық челленджге және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығына арналған «Забег Единства» марафонына қатысты.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығында «Біз бір отбасымыз» ойын – сауық бағдарламасы өтті, Преснов ӘҚО-да мекеме ұжымы мен қызмет алушылар арасында ұлттық киім кию, ұлттық тағамдар әзірлеу, салт-дәстүрді дәріптеу және музыкалық нөмір көрсету сияқты ұлттық дәстүрлер байқауы өтті.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында барлық мекемелердің аумақтарын жинау және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.