Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқасын өткізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқасын өткізу туралы

2025 жылғы 23 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р. С. Елжасовтың төрағалығымен 2025 жылдың I-тоқсанындағы жұмыс қорытындысы және 2025 жылдың II-тоқсанына арналған жоспарлар туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарлары, басқарма бөлімдерінің басшылары, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Еңбек мобильділігі орталығының, Мансап орталықтары филиалдарының басшылары қатысты.

Алқа барысында Есіл, Жамбыл, Уәлиханов аудандары, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан және Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшыларының ақпараты, Еңбек мобильділігі орталығы директорының баяндамасы тыңдалды. Басқарма басшысы одан әрі жұмыс жасау бойынша тиісті тапсырмалар берді.