2025 жылғы 18 cәуірде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Мансап орталықтарының және Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильділігі орталығының мамандарымен бейнеконференцбайланыс (ZOOM) арқылы жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңесте мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша проблемалық мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмыс берушілерде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға тұрақты қызығушылықты қалыптастыру және мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа мүдделі болатын мүмкіндіктері мен уәждемелеріне сәйкес келетін жағдайлар жасау бойынша міндеттер қойылды.