Облыс әкімінің орынбасары Ж.Р. Жұмағұловтың, СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасовтың және әлеуметтік қорғау саласының мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының қатысуымен, СҚО әкімдігіне қарасты азаматтарды қабылдау орталығында «Халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша азаматтарды қабылдау күні» өтті.
Азаматтарды қабылдау кезінде оңалту құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен, объектілердің оның ішінде жаңадан салынған тұрғын үйлердің қолжетімділігімен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың облыстың қоғамдық іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.