2025 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша облыста 4 мыңнан астам жұмыссыз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды. Оның 3 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Субсидияланған жұмыс орындарына 1,6 мың адам жіберілді (әлеуметтік жұмыс орындарына 194 адам, жастар тәжірибесіне 108 адам, қоғамдық жұмыстарға 1066 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 17 адам, «Күміс жас» жобасына 246 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 1 адам).
Оқытумен 1,5 мың адам қамтылды, сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 4 мыңнан астам адам кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес - идеяларын іске асыруға 292 грант (459,3 млн. теңге сомасына) беру жоспарлануда.
Халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыс жалғасуда.