«Күміс жас»: 50 жастан асқан жұмыссыздар үшін жаңа мүмкіндіктер

«Күміс жас»: 50 жастан асқан жұмыссыздар үшін жаңа мүмкіндіктер

2022 жылдан 2024 жылға дейін «Күміс жас» жобасының арқасында 800-ден астам адам жұмыс тапты.

бүгінгі таңда Enbek.kz порталында  осы жоба бойынша 262 бос жұмыс орны бар.

Қалай қатысуға болады?

Егер Сіз 50 жастан асқан болсаңыз, бірақ зейнеткерлік жасқа дейін ерте болса және жұмыс іздеп жүрсеңіз, онда мансап орталығына өтінішпен жүгініп, мемлекеттің қолдауымен жұмысқа орналасуға мүмкіндік алыңыз.

Сәтті шыққан мысалдардың бірі:

Михайлецкая Елена Владимировна 1969 жылы туған, Тимирязев ауданы Хмельницкое ауылында тұрады.

2024 жылғы мамыр айында жұмыс іздеу мақсатында Тимирязев ауданының Мансап орталығына жүгініп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алады.

«Күміс жас» жобасының арқасында 2024 жылғы маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Сағат СК» ЖШС-да ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыс істейді. Алдағы уақытта жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін өз еңбек қызметін ЖШС-да жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бұл жоба аға буын өкілдеріне еңбек нарығында сұранысқа ие болуына көмектесіп, табысты іске асырылуда.

Жұмысқа орналасу және бос жұмыс орындарын таңдау туралы толық ақпарат алу үшін Enbek.kz порталын немесе Enbek мобильді қосымшасын пайдаланыңыз. Қосымша кеңес алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Мансап орталығына хабарласу қажет, онда лайықты бос жұмыс орындарын таңдауға көмек көрсетілетін болады.