Ағымдағы жылғы 13 наурызда Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа қатысушылар пробация есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі үй-жайлардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігі, "Пробация үйі" пилоттық жобасын іске асыру мәселелерін қарады.
Сондай-ақ, прокуратура органдары пробация қызметінің жұмысына Телеграмм-бот енгізу бойынша тұсаукесер өткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.