«Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығында өткен Ашық есік күні

«Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығында өткен Ашық есік күні

Мүгедектігі бар адамдарды еңбек қызметіне тарту мақсатында 2021 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мүгедектігі бар адамдарға психологиялық және құқықтық көмек, әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсететін «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді.

Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі мүгедектігі бар адамдарды үшін кәсіптік оқыту курстарын ұйымдастыру және оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына одан әрі тарту болып табылады.

Ашық есік күнін өткізу аясында Орталық Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және Петропавл қаласының орта арнаулы оқу орындарының мүгедектігі бар студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Директоры А.Н. Кәрім кездесу барысында Орталықтың жұмысы туралы, қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдар қандай оқу курстарынан өте алатындығы туралы тұсаукесер мен баяндама ұсынды.

Сондай-ақ, қатысушыларға кез келген құқықтық, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер бойынша Орталыққа хабарласып немесе WhatsApp тобына жазуға боллатыны туралы хабарланды.

Одан әрі пікірталас барысында студенттер Орталық қызметі, оқу курстары және т. б. бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды.