«Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы» КММ-да өткен Ашық есік күні

«Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы» КММ-да өткен Ашық есік күні

Құрылғанына 20 жыл толуына орай, ағымдағы жылғы 6 наурызда «Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы» КММ-да Ашық есік күні өтті.

Орталыққа Бескөл ауылының тұрғындары, аудандық "Маяк" газетінің өкілдері келді.

Орталық ашылған күннен бастап қызмет алушылар, оның ішінде тұрақты негізде оңалтудан өтіп жүрген Е. К. Сәрсембаев жылы лебіздерін білдірді.

Мекеме қызметкерлері оңалтудан өту мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастырып, Орталық туралы ақпарат қамтылған буклеттер әзірледі.