Қазақстанда мансап пен білім беру бағдарламаларын таңдауға көмектесу үшін арнайы құрылған инновациялық ақпараттық жүйе – «Мансап компасы» атты жаңа платформа іске қосылды.
«Мансап компасы» - Қазақстандағы ең сұранысқа ие 400 мамандық бойынша талдау, жалақы калькуляторы және білім беру бағдарламалары мен университеттердің статистикасы болып табылады.
Платформа пайдаланушыларға ең көп сұранысқа ие кәсіптермен танысуға және ең жақсы еңбек жағдайлары бар аймақтарды таңдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жоғары оқу орындары, мамандықтар және мемлекеттік гранттар алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат береді.
«Мансап компасы» жобасының аудитория өз мансабын жоспарлауға және кәсіби дамуға қызығушылық танытатын адамдардың әртүрлі санаттарын қамтиды. Бірінші кезеңде - мектеп түлектері мен студенттер. Олар үшін платформа сұранысқа ие мамандықтар, жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптар және гранттар алу мүмкіндіктері туралы ақпарат көзі бола алады, сондай-ақ таңдалған мамандықтың болашағын бағалау, тағылымдамадан өту және болашақ жұмысы туралы бірегей ақпарат береді.
Сонымен қатар, портал мамандығын өзгерткісі келетін адамдар үшін де пайдалы болмақ.