Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - келушілерге жұмыс берушімен қарым-қатынас барысында жұмысқа орналасудың қолайлы нұсқалары мен шарттарын таңдауға мүмкіндік беретін жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі.

2024 жылғы 16 мамырда Қызылжар ауданының Мансап орталығы 12 жұмыс берушінің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. 

Жұмыс іздеп жүрген адамдарға Қызылжар ауданының 85 кәсіпорны мен ұйымы 250-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды, олардың ішінде «Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Қылмыстық-атқару қызметі» РММ, «Радуга» ЖШС, «Қорғаныс бөлімі» РММ, «Нубаев» ЖК, «Севказэнергосбыт» ЖШС, «BigBegGlobal» ЖШС, «Капитал» ЖШС, «SMB Grop Famile» ЖШС, «Жастар ресурстық орталығы» КММ және т. б. бар.

Жәрмеңкеге 45-ке жуық жұмыс іздеуші қатысты, өтініш білдірушілерге қолда бар бос жұмыс орындары ұсынылды..

Мансап орталығының мамандары жұмыссыз азаматтарға  жұмысқа орналасу мүмкіндігі және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары туралы кеңестер берді.