Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша кеңес

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша кеңес

2024 жылғы 15 мамырда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ алаңында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ өкілдерімен Мансап орталықтарының мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қатысты мәселесі бойынша кездесу өтті.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, қызмет алушылардың өтініштерді уақытылы қарауы, халықты жұмыспен қамту саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелеріне басты назар аударылды.