Жұмыссыз қазақстандықтар Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан болған зардап салдарын қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналаса алады

Жұмыссыз қазақстандықтар Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан болған зардап салдарын  қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналаса алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан болған зардап салдарын қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыру үшін «Бірге тұрғызайық!» жобасын бастап кетті.

Жоба жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді тұрғызу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыруды көздейді.

Жоба шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі платформа «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болып табылады, онда жұмысқа орналасуға ниет білдірген кез келген адам қолда бар бос жұмыс орындарымен танысып, өзіне ұнаған жұмысқа орналаса алады және  және әңгімелесуден өтеді.

Электронды еңбек биржасынан құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын көруге болады.

 Жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат күн сайын әртүрлі көздерден және меншік нысандарынан жаңартылады.

 Қазіргі уақытта облыс бойынша Электронды еңбек биржасында 1862 бос жұмыс орны орналастырылса, оның 22-сі су тасқынының салдарын жоюға арналған жұмыс орындары болып табылады.

Ең көп сұранысқа ие мамандықтар: дәнекерлеушілер, электриктер, ағаш ұсталары, инженер-сметашылар, құрылыс-монтаждау жұмыстарының шеберлері, тұрғын үй құрылысы бойынша прорабтар.

«Бірге тұрғызайық!» жобасын іске асыруға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер мен жұмыссыз азаматтар Электрондық еңбек биржасына немесе тұрғылықты жері бойынша орналасқан Мансап орталығына жүгінсе болады.