Business.enbek.kz порталында бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1-ші ағында гранттар алуға өтінімдер қабылдана бастайды

Business.enbek.kz порталында бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1-ші ағында гранттар алуға өтінімдер қабылдана бастайды

2024 жылғы 20-31 мамыр аралығында Business.enbek.kz порталында  жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1-ші ағында гранттар алуға  өтінімдер қабылдау басталады.

Гранттар 400 АЕК (1 476 800 теңге) дейінгі мөлшерде өтеусіз негізде беріледі, оның нысаналы мақсаты жаңа бизнес бастау және қолданыстағы бизнесті дамыту болып табылады.

Гранттар  грант беруге өтініш бергенге дейін жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) көп балалы болуына байланысты жәрдемақы алушылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар) көзделген, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі кемінде үш жыл болуы тиіс.

Грант алу үшін Business.enbek.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш беру қажет, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша Еңбек мобильдігі орталығы мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) жүгінуге болады.