«Күміс жас» жобасы аясында 600-ден астам адам жұмысқа орналастырылды

«Күміс жас» жобасы аясында 600-ден астам адам жұмысқа орналастырылды

2022 жылы Қазақстанда алғаш рет 50 жастан асқан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жаңа жобасы (бұдан әрі - Жоба) іске қосылды.

Жоба шеңберінде жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі, 3 жыл бойы жұмыс берушіге жалақы мөлшерінің 60-тан 70% - ы, кемінде 30 АЕК (110 760 теңге),   бюджеттен субсидияланатын болады.

Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамдарды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына орналастырады. Егер зейнеткерлікке дейінкемінде  2 жылдай уақыт қалған жағдайда жұмыс беруші оны зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жұмысқа орналастырады.

 «Күміс жас» жобасын іске асыру басталғаннан бері 50 жастан асқан 600-ден астам жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылдың басынан бері 222 адам жұмысқа орналастырылды, 58 жұмыссызды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Бұл Жоба, көбінесе, Петропавл қаласының (77 адам), Ақжар (55 адам), Айыртау және Тайынша аудандарының (әрқайсысында 46 адам) тұрғындарын қызықтырды.

Жобаға қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылуда.

«Мен 61 жастамын. Білімім бойынша - тәрбиешімін. Әр түрлі мекемелерде жұмыс істедім, жұмыста қысқартылдым. Мен жұмыссыз болғандықтан, жұмыспен қамту органдарына жүгіндім. Онда бірнеше жұмыс нұсқалары , соның ішінде «Күміс жас» жобасы ұсынылды. Жоба аясында «Әбішева» ЖК-да қонақүй қызметтерінің әкімшісі ретінде жұмыс істегеннен кейін, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ұйымға  тұрақты жұмыс орнына орналастырылдым», - дейді аудан тұрғыны М. Жұмабаева Шаймуратова Раиса Насимовна.  Оның айтуынша, «Күміс жас» жобасы өзін сұранысқа ие қызметкер ретінде сезінуге мүмкіндік берген.

Жобаға қатысу үшін жұмыс іздеген адамдар немесе жұмыс берушілер тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы өз бетінше өтінім бере алады.