Жергілікті жұмыспен қамту органдарының өкілдерімен кеңес

Жергілікті жұмыспен қамту органдарының өкілдерімен кеңес

2024 жылғы 26 сәуірде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Мансап орталықтарының және Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильдігі орталығының басшыларымен және мамандарымен бейнеконференцбайланыс (ZOOM) арқылы  жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңесте 2024 жылға белгіленген азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын уақытылы орындау туралы және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметтерінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қосымша квоталанатын орындар бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті жұмыспен қамту органдарына қатаң белгіленген мерзімде квоталарды орындау міндеті қойылды.