Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен өткен семинар

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен өткен семинар

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде басқарма жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен Zoom бейнеконференциясы арқылы семинар өткізді.

Семинарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы жекелеген мәселелер, оның ішінде жекелеген НҚА-ға өзгерістер енгізу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін азаматтардың құжаттарын ресімдеу, «ӘҚ порталы» АЖ-да қызметкерлер тізілімін қалыптастыру сияқты мәселелер қарастырылып, түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруға және ұсынуға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды.