Эвакуациялық пункттегі су тасқынынан зардап шеккендермен кездесу

Эвакуациялық пункттегі су тасқынынан зардап шеккендермен кездесу

Ағымдағы жылғы 23 сәуірде СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасов Бескөл ауылындағы №2 ОМ-да орналасқан эвакуациялық пунктте орналастырылған Қызылжар ауданының елді мекендерінен эвакуацияланған су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында дүлей зілзаладан зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсініктемелер берілді, зардап шеккендердің тұрмысы, тамақпен және басқа да бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз ету шарттары қарастырылды.