Атаулы күнге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету

Атаулы күнге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Қаулысына сәйкес Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға, тікелей ядролық сынақтарға қатысқан адамдарға,  апат салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға, апат салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған адамдардың немесе қайтыс болған  мүгедектігі бар адамдардың отбасыларына, сондай-ақ өлімі белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерімен байланысты азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек төлеу көзделген.

Ағымдағы жылы көмек мөлшері 15 АЕК-тен 35 АЕК-ке дейін ұлғайтылды ( 55380 теңгеден 129220 теңгеге дейін).

 Бұл ретте, төлем 29 тамыз - «Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні» атаулы күніне орай жүргізіледі.