2024 жылғы 23 ақпанда «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары С. І. Тоқымбетов «Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастарды жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Отырысқа қатысушылар жұмыспен қамту органдарының жұмыспен қамту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, кәсіптік даярлау, жастар кәсіпкерлігін қолдау және жастарды жұмысқа орналастыру, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін ұйымдастыру жөніндегі шараларды іске асыруы туралы хабардар етілді.
2023 жылы жұмыспен қамту іс-шараларына барлығы 8 мың жастар қатысты, ағымдағы жылы 9 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарлануда.