
Облыс халқын әлеуметтік қорғау жүйесінде мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізу үшін 2 балаларға арналған мекеме жұмыс істейді: психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған «Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және ақыл есі сақталған тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедектігі бар балаларға арналған «Арман» Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ .
Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ақыл-ой кемістігі бар және аутизм спектрі бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған күндіз болу бөлімшесі жұмыс істейді, бұл балаларға бір мезгілде отбасында тұруға және жартылай стационар жағдайында қызмет алуға мүмкіндік береді.
2024 жылдан бастап мұқтаж балаларды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтуды ұлғайту мақсатында жоғарыда аталған мекемелердің жоспарлы қуаты:
- «Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жанындағы күндіз болу бөлімшелері 70 орынға дейін;
- «Арман» Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 14 орынға дейін ұлғайтылды.
Әлеуметтік қызмет көрсету субъектілерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін құжаттар ресімдеу адамның тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.