16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмек

16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмек

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен 16 желтоқсан — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай азаматтардың мынадай санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төлеу көзделген:

- бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға;

- Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға: бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы; екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы; Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануы;       орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы;

- Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының актілері негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға;

- Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (51750 теңге);

- ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. 

Мереке күніне орай әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның немесе өзге де ұйымдардың тізімдері негізінде өтініштер талап етпей көрсетіледі. Осы көмек түрінің мәртебесін растау және көрсету үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгіну қажет.

Анықтама: ағымдағы жылы 2309 азаматқа 81,9 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді.