
Облыста жұмыссыздарға қолайлы бос жұмыс орындарын табуға көмектесетін субсидияланған жұмыс орындары (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары) табысты ұйымдастырылуда.
Бұл ретте, мемлекет жұмыссыздарға Мансап орталықтары арқылы жұмыс іздеуге жәрдемдесіп қана қоймай, жұмыс орындарын ұйымдастырады және жұмыс берушілерге жалақы субсидиялайды.
Барлығы 2023 жыл ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмыс іздеп жүрген 4,4 мыңнан астам адам, оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектері жұмысқа орналастырылды.
Осындай жұмысқа орналасқандардың бірі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Арықбалық ауылының тумасы, «Алғашқы жұмыс орны» жобасының қатысушысы Дарья Вячеславовна Красникова болып табылады.
Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінде «есепші-кассир» мамандығы бойынша диплом алғаннан кейін, ол Айыртау ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген. Содан кейін «Клудкевич Г.М.» ЖК-ға есепшінің көмекшісі ретінде жіберілді, онда оған жұмыс тәжірибесімен бөлісу үшін тәлімгер тағайындалды.
Бүгінгі таңда Дарья Вячеславовна жобада жұмысын жалғастыруда және алдағы уақытта осы жұмыс берушіге тұрақты жұмыс орнына көшуді жоспарлап отыр.
Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу туралы толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына хабарласуға немесе Enbек.кz порталына кіруге болады.