«Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы

«Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы

2021 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыста «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.

Орталыққа барған кезде азаматтарға:

- отбасы және неке  (некені бұзу, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу және т. б. туралы талап арыздар жасау), тұрғын үй қатынастары (тұрғын үй алуға кезекке қоюға құжаттар топтамасын дайындауға көмектесу), еңбек заңнамасын түсіндіру (қызметкердің құқықтары мен міндеттері, еңбек жағдайлары) мәселелері бойынша заң консультациялары;

- топтық тренингтер мен жеке сабақтар түрінде қажетті психологиялық көмек;

- жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ қосымша дағдыларды алу үшін шағын курстар ұйымдастыру сияқты қызмет түрлері көрсетілді.

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталыққа 1823 отбасы келді, оның ішінде:  368 көпбалалылар, 701 аз қамтылған отбасылар, оның 257 –сі атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 324-і  мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, 346-толық емес отбасылар, 82-сі қоныс аударушы отбасылар.

Бұл отбасыларға 2972 қызмет көрсетілді, 1450 - ақпараттық-консультациялық көмек, 1120 - психологиялық көмек, 36 - әлеуметтік көмек алуға, жәрдемақылар мен әлеуметтік қызметтерді төлеуге жәрдем берілді, 73 - қосымша білім беру мекемелеріне кезекке қоюға жәрдем берілді, 272 - заңгерлік көмек, 15 - тұрғын үй алуға кезекке қоюға көмек6 адамға жұмыс іздеуге көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, табысы төмен 671 отбасына азық-түлік топтамалары түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Аталған жобаны жүзеге асыру 2024 жылы жалғасатын болады.