«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін ұсыну

«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін ұсыну

«Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);

2) аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);

4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – проактивті қызмет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету өтініші қабылданады және нәтижесі беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

- мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні;

- проактивті қызмет көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап  5 жұмыс күні;

- веб-порталы арқылы өтініш келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут; мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде, проактивті, электрондық (ішінара автоматтандырылған).

Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға құжаттарды рәсімдеу немесе дәлелді бас тарту туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады (өтініш берушінің абоненттік нөміріне немесе ӘҮП (электрондық үкімет порталы) «жеке кабинетіне»).

 Қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

1) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қоса берілген нысан бойынша жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариаттық куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамның сенімхаты.

 Мүгедектігі бар адамдардың еңбек жарақатына немесе кәсіптік ауруына байланысты санаторлық-курорттық ем алуға өтініш берген кезде:

1) мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы;

2) жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған  немесе оның кінәсінен еңбекте мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жағдайда заңды тұлғаның таратылғаны туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

 3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

Өтініштерді қабылдау:

1) Мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және жексенбі күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші бөлімдері – 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін;

 2) жұмыспен қамту бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ғе дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.