2024 жылға арналған мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы  

2024 жылға арналған мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы   

Басқарма мүгедектігі бар адамдарға жұмыс іздеуге жәрдемдесу жөніндегі кепілдіктерді іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындарының саны, сондай-ақ Мансап орталықтары тіркеген мүгедектігі бар жұмыссыздар саны туралы мәліметтер негізінде ұйымдарда 26 жұмыс орнына квота белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Осы ұсыныстар негізінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіледі.