Субъектілер туралы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қалыптастыру  

 Субъектілер туралы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қалыптастыру   

Облыс халқын әлеуметтік қорғау жүйесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер стационар, жартылай стационар жағдайында және үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетіледі.

Стационар жағдайында көрсетілетін қызметтерді Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Пресновск әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Надежда» Тайынша  әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Арман» Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты 8 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы көрсетеді. Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанынан Күндіз болу бөлімдер қарастырылған. Үйде қызмет аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 39 үйде әлеуметтік көмектің  бөлімшесімен көрсетіледі.

Жоғарыда аталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында көрсетілетін қызметтер Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес тұлғалардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

1) үш жастан он сегіз жасқа дейін психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар;

 2) үш жастан он сегіз жасқа дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар;

 3) он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар психоневрологиялық аурулары бар адамдар;

         4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

         5) жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар (қарттар).

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы жанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының ұсынымдары бойынша стационарлық және амбулаториялық режимде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарды оңалту көзделген.

Құжаттарды ресімдеуді және адамдарды стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі және үйде қызмет көрсететін ұйымдарға жіберуді көрсетілетін қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі) жүзеге асырады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар)  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

    1) қызмет алушының өтініші, ал кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – Стандартқа сәйкес нысан бойынша заңды өкілдің жазбаша өтініші;

     2) жеке басын куәландыратын құжат;

     3) амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзінді көшірмесі бар стандартқа сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

     4) мүгедектікті белгілеу туралы құжат (мүгедектігі бар адамдар үшін);

     5) мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы құжат (АОЖБ-дан үзінді);

     6) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үшін адамды әрекетке қабілетсіз деп тану кезінде (бар болса) сот шешімі;

     7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнеткерлік жас туралы құжат;

     8)       Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагер мәртебесінің болуы туралы құжат.

Тізбеде көзделген өтініш пен құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізіледі және  жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдайды.