Мемлекет басшысы 2023 жылғы 20 сәуірде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» қол қойды.
Әлеуметтік кодексте көзделген шараларды іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» құрылды.
Еңбек мобильдігі орталығының негізгі міндеттері жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету, өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыру, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету, жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу және т. б. функцияларды атқару болып табылады.
Еңбек мобильдігі орталығының директоры болып Төрегелдин Аман Жақсыбайұлы тағайындалды.