Құрметті жұмыс берушілер!

Құрметті жұмыс берушілер!

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енеді, оған сәйкес облыс орталықтарында Еңбек мобильділігі орталықтары құрылады, ал халықты жұмыспен қамту орталықтары Мансап орталықтары (Еңбек мобильділігі орталығының филиалдары) болып қайта құрылымдалады.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 111-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға Еңбек мобильділігі орталығымен шарт жасасады.

Осыған байланысты, Сіз қолданыстағы Шартты қайта жасауыңыз қажет.  

2023 жылғы шілдеде Сіздің Enbek.kz порталындағы жеке кабинетіңізге Еңбек мобильділігі орталығынан Шарт түседі.  Сізден 5 жұмыс күні ішінде Еңбек мобильділігі орталығымен жасалған Шартқа қол қоюыңызды сұраймыз, Сізден қосымша әрекеттер қажет емес.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 383-бабына сәйкес бұрын жасалған Шарт бойынша: субсидияланатын жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздармен еңбек қатынастары, Enbek.kz порталында жарияланған бос жұмыс орындары, Тапсырыс беруші мен Орындаушының міндеттемелері өз күшін сақтайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.