Облыста жастарды Нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда.
Жобаның қатысушылары 35 жастан аспаған және жұмыс тәжірибесі жоқ жастар болып табылады.
Қатысу мерзімі 18 айдан аспайды. Еңбекақы мөлшері 30 АЕК немесе 103500 теңгені құрайды.
Жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған адамға кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгер бекітіледі.
Жұмысқа орналасу үшін үміткер электрондық еңбек биржасы порталы арқылы өтініш береді.
Ағымдағы жылы жастар қатарынан 90-нан астам адам жұмысқа орналастырылды.
Жұмысқа орналасудың осындай мысалдарының бірі - Уәлиханов ауданының тумасы жоба қатысушы Мерей Асылханқызы Ерден.
2022 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Нұрсұлтан қаласының гуманитарлық колледжін бітіріп, Уәлиханов ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына Береке негізгі мектебіне тәрбиеші ретінде жұмысқа орналасты.
2022 жылы жас маман ретінде «Халықаралық жас педагогтар форумына» қатысты.
Өзін жауапты және жұмысқа тартылған қызметкер ретінде көрсетіп, сол мектептің мектепке дейінгі дайындық тобының мұғалімі ретінде тұрақты жұмысқа қабылданды.
Жобаға қатысу оған жұмыс тәжірибесін алуға және кейіннен мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.
Жобаға қатысу туралы толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға немесе еңбек.кз порталынан ақпарат алуға болады.