Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің мақсаты жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту болып табылады.
Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, ал жұмыс іздеушілер қысқа уақыт ішінде кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызығушылық танытқан бос жұмыс орындарды таңдай алады және таңдап алған бос лауазымға өту үшін әңгімелесуден өте алады.
Өңірде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері тұрақты негізде, оның ішінде онлайн форматта да өткізіледі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап аудандардың (қаланың) жұмыспен қамту органдары 64 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді, оған облыстың 650 кәсіпорны мен мекемесі қатысты. 500-ден астам адам жұмысқа орналасты, 58 адам кәсіптік оқуға жіберілді.
Ағымдағы жылғы 25 қарашанда Қызылжар ауданында Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс іздеушілерге 10 кәсіпорын мен ұйым 177 бос жұмыс орнын ұсынды.
Барлығы 54 адам қатысты, олардың 15 - і жұмысқа орналастырылды, 6 - уы кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдірді және 2 - уі «Күміс жас» жобасына қызығушылық танытты.