Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар

Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар

1 қазан - Қарттар күніне орай «Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және «Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ сияқты қарттар мен мүгедектерге арналған екі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аға буын өкілдеріне арналған іс-шара өтеді.  

Қалыптасқан дәстүр бойынша мекемелерде мерекелік концерттер ұйымдастырылады, түрлі спорттық, тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.

Сонымен қатар, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасы аясында зейнеткерлік жастағы азаматтар үшін Орталықта Қарттар күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Instagram әлеуметтік желісінің centr_activ_sko парақшасынан БҰО қызметі мен онда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратпен танысуға болады.