Әлеуметтік кәсіпкерлік.

Әлеуметтік кәсіпкерлік.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында «әлеуметтік кәсіпкерлер» тізілімін қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.  Аталған Тізілімде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және спорт саласында өз қызметін жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлер туралы ақпарат қамтылған. Әлеуметтік кәсіпкерлер қызметі бағыттарының басымдықтары мектепке дейінгі және қосымша білім беру, мұқтаж отбасыларды азық - түлікпен қамтамасыз етуге көмек көрсету, мүгедектерді, балалар үйлерінің түлектерін жұмысқа орналастыру, көп балалы аналар мен жалғыз басты аналарды жұмыспен қамту, жұмыссыздық мәселелерін шешу болып табылады.         

Тізілімге енгеннен кейін әлеуметтік кәсіпкерлерге инфрақұрылымды қамтамасыз ету, салықтық жеңілдіктер, қаржылық қолдау, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру сияқты түрлі преференциялар беріледі.

2022 жылғы 20 қыркүйекте әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі арнайы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста Наталья Викторовна Воронова директор болып табылатын «Формула слуха» ЖШС - нің өтінімі қаралды. Ұйым есту диагностикасы және балаларды, қарттарды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды есту аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді.

Өткізілген отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері оң шешім қабылдады. Арнайы комиссияның ұсынымдары тізілімге одан әрі енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді.

Өтінімдердің тоқсан сайын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 мекенжайы бойынша 522-каб. қабылданатынын қосымша хабарлаймыз. Электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz., анықтама телефоны: 8 (7152) 36-13-62.

Өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 733 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қабылданады.