Адам саудасының құрбандарын қолдау жөніндегі іс-шаралар

Адам саудасының құрбандарын қолдау жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 2022 жылғы 29 шілдеде адам саудасының алдын алу жөніндегі облыстық науқанға қатысты, Петропавл қаласының тұрғындарына осы тақырып бойынша ақпараттық кітапшалар мен буклеттер таратылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 4 тамызда басқарма мамандары бейне-конференц-байланыс арқылы ҚР-дағы АҚШ елшілігінің, ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, ҚР ІІМ-нің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен «Адам саудасына қарсы бірге: сын-қатерлер, табысты тәжірибелер, өзара іс-қимыл перспективалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.